Түркістан облысы, Шардара қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М. Горький атындағы жалпы орта мектебінің 10 «Ә» сынып білімалушылары сіздерді келіп жеткен 1 наурыз — Алғыс айту күнімен құттықтайды. Наурыз мейрамы аталып өтілетін шуақты айдың басы. Алғыс айту күні — бұл Қазақстанның кең байтақ жеріне өз еркінен тыс аударылған миллиондаған адамдарды құшағын жая қабылдаған қазақ жері мен қазақ халқына алғыс. Алғыс айту бір-бірімізге құрмет көрсететін күн, ортақ тарихымызды ұлықтайтын мереке. Көктемнің алғашқы мерекесі алғыс айту күні қазақ жеріндегі татулық пен бірлікті, молшылық пен Тәуелсіздікті нығайта берсін.