12.09.2023ж Түркістан облысы, Шардара қаласы М. Горький атындағы жалпы орта мектебінде діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жоғарғы сынып білімалушыларымен Ішкі Саясат Орталығының теолог маманы Данияров А. және Жастар орталығының теолог маманы Сариев Е мырзалармен кездесу өтті. Кездесу барысында қазіргі таңда қоғамымызда теріс діни ағымдардың белең алуына байланысты оқушыларды теріс ағымдардан аулақ болуға шақырды. Қазақтың ұлттық құндылықтары мен ерекшеліктерін мүлдем жоққа шығарып, ел арасына іріткі салып жүрген жастар да аз емес деп сөзін қорытындылады.