Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты, М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебінде 20.10.2023ж сағат 16:00 де Күз Аруы өткізілді. Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Сайыс 4 кезеңнен өткізілді. Өзін өзі таныстыру, өз өнері, дефиле, күз салаты. Байқауға қатысқан оқушылар марапатталды.