2022 жылдың 25 қараша күні мектебімізде "Ашық есік" күні болып өтті. Оқыту үдерісіндегі жаңашыл бастамалар мен инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа көзқарасты оқушы даярлауда ата-аналардың ықпалын, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруды мақсат еткен бұл шараға көптеген отбасы тартылды.