Кіру
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara-gorky.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

2023-2024 жылы Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы жалпы орта мектебінде Қазақстанның экологиялық қорынан жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жобасының үйлестірушісі Джазбаева Қ.Р. ханымның жобасы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министірлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда. Мақсаты: Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу. Мектебіміздің жоғарғы сынып білім алушылары "Рауан" өзін-өзі басқару ұйымының Экология және еңбек фракция мүшелері қатыстырылды. Өткізілген іс-шара барысында қызықты тренинг және жабдықтар мен көрнекіліктер, тапсырмасы бар үлестірме қағаздар, "Қазақстанның байлықтары", "Арал тағдыры", "Қазақстан қорықтары" суреттері мен мултимедиа кешені, бейнетаспа слайдтарымен көрсетілді. Мектеп білім алушылары белсенді қатысып, өздеріне керекті мағлұматтар алды. Сонымен қатар Шардара қаласындағы Тұңғыш Президент саябағына экскурсия және сенбілік ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде, экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы зор болса, экологияландырылған білімді ұрпақ қажет.