15.12.2023 күні 3-4 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті әдіс бірлестігінің ұйымдастыруымен <<Қыс мезгілі қонақта>> атты көркемсөз байқауы өтті.Байқаудың мақсаты- оқушыларды шығармашылыққа баулу, көркемсөзге деген қызығушылықтарын ояту. Байқау 3-кезеңнен, 1-кезең мәнерлеп жатқа оқу, 2-кезең сурет арқылы сөйлемдер құрастыру, 3- кезең берілген мәтінді тәржімалау. Байқау соңында қатысқан оқушылардың үздіктері марапатталып, әр бір оқушыға сыйлықтар таратылды. Бас қазылар алқасы мүшесі Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Пайзуллаева Г.А болды. Байқауға қатысқан әр оқушыға алғыс білдіріп, алдағы уақытта сәттілік пен білім шыңына жете берулеріне тілектеспіз!