2022-2023 оқу жылы 23.01.23- 03.02.23 аралығында "DEVELOPMENT OF DIALOGUE THINKING, AND REASEACH SKILLS OF STUDENTS IN THE ENGLISH LESSON" атты ағылшын тілі пәні онкүндіктің қорытындысы
23 қаңтар айы - 03 ақпан айы аралығында ағылшын тілі пәні онкүндігі өтті.
Онкүндіктің мақсаты: Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, рухани әлемін байыту, ағылшын тіліне деген ынтасын арттырып, дарындылығы мен шығармашылығын дамыту.
Онкүндіктің аясында пән мұғалімдері ашық сабақ пен сыныптан тыс іс-шара және байқаулар өткізді. Жоспарланған жұмыстар толық орындалды.
23 қаңтар мектепішілік саптүзеуде онкүндіктің ашылуы болды. Онкүндіктің ашылуында мектеп оқушылары өз өнерлерін ағылшын тіліндегі ән-жырмен салтанатты түрде қатысты.Апталықта өтілетін іс-шаралармен ағылшын тілі ӘБ жетекшісі Журтбаева А.К.таныстырып өтті. Апталықта өткізілген ашық сабақтармен сыныптан тыс іс-шаралар және мектепішілік сайыстар өз уақыттарында өткізіліп отырды.
Дүйсенбі күні " Welcome to Disneyland" тақырыбында 2 - 4 сыныптар аралығында суреттер көрмесі болды. Бұл сайыста 2 - 4 сынып оқушылары өздерінің ұйымшылдығын көрсетіп ертегі суреттерін жоғары деңгейде шығарды. Сондықтан әр сынып оқушысы жеке марапатталып, орындар берілді
25.01.23 күні 7 "Ә" сыныбында ағылшын тілінен" Entertainment and media "тақырыбында Журтбаева А.К ашық сабақ өтті. Сабақта «жарық», «спинер», «түтікше» әдістерін пйдаланды. Сабақ жоғары деңгейде өтті, мұғалім өз кәсіби шеберлігін көрсете білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді. Мұғалім оқушыларға көптеген қызықты мәлімет, көрсетті.
Осы күні "Kazakh legends " тақырыбында 5 «Г» сыныбында Камал Н.А. ашық сабақ өткізді. Сабақ жақсы өтті. Оқушылар белсенділік танытты. Үй тапсырмасына да жақсы дайындалып келген. Сонымен қатар сабақта көрнекілік құралдарды тиімді пайдалана білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді. Оқушылар өз білімдерін өздері бағалады. Сабақтың талдауы бойынша айтылған ұсыныс – уақытты үнімдеп пайдалану.
26.01.23 күні “My favourite languages” тақырыбында 7-8 сыныптар арасында эссе байқауы болып өтті.
27.01.23 күні “Healthy food”тақырыбында Рустемова Г.Д. 6 «А» сыныбына ашық сабақ өткізді. Сабақта «сұраққа жауап», «торт тілігі», «чипсы» әдістерін пайдаланды. Сабақ жоғары деңгейде өтті, мұғалім өз кәсіби шеберлігін көрсете білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді,рольдік ойындарды да тамаша сомдап көрсетті. Сабақтың құрылымын құрастыруда мұғалімнің шеберлігі көрініп тұрды.
30.01.23 күні "My music"тақырыбында 3 «Ә» сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті.Пән мұғалімі Дербисбаева Г.А. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасады және кішкентай болсада ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтары көрініп тұрды. Сонымен қатар сабақта көрнекілік құралдарды тиімді пайдалана білді.
31.01.23 күні 9-11 сыныптар арасында “English songs” караокеде ән байқауы болса, 5-6 сыныптар аралығында “Sightseeing of London” тақырыбында қолөнер байқауы болып өтті. Белсенді сыныптар мен оқушылар марапатталып,мадақтамалар берілді.
01.02.23 күні "Alice in the Wonderland" тақырыбында Калышева Л.П. 5 «Ә» сыныбымен ашық сабақ өткізді. Сабақ өте жақсы өтті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Үйтапсырмасына да жақсы дайындалып келген. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді.
Бейсенбі күні " Reading time " тақырыбында 2 “A” сыныпта ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Садиярова М.А. Сабақ өте жақсы өтті. Мақсаты оқушыға бағытталған. Сабақта көрнекіліктер қолданылып оқушының жұмыс жасауына жағдай жасалды. Сонымен қатар сабақта көрнекілік құралдарды тиімді пайдалана білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді. Оқушылар өз білімдерін өздері бағалады. Сабақтың құрылымын құрастыруда мұғалімнің шеберлігі көрініп тұрды.
Және де 4 «Ә» сыныбында “Snow and Ice” тақырыбында бірлестігіміздің жас маманы Сатыш Д.А. ашық сабақ өткізді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасады және сабақта көрнекілік құралдарды тиімді пайдалана білді.
Сонымен қатар "Our body" тақырыбында 2 «B» сыныбында жас маман Қамбай А.Қ. ашық сабақ өткізді. Сабақ жақсы өтті. Оқушылар белсенділік танытты. Сонымен қатар сабақта көрнекілік құралдарды тиімді пайдалана білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді.
08.02.23 күні "Light, camera, action" тақырыбында Момбекова Т.С. 7 «Ә» сыныбымен ашық сабақ өткізді. Сабақ жақсы өтті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.
Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді.
Онкүндіктің қорытындысы бойынша белсенді қатысқан сыныптар марапатталып, мадақтамалар берілді.