Түркістан облысы, Шардара ауданының білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебінде 24 - қазан күні мектебінде 12:00 де, 25 - қазан «Республика күні» ұлттық мереке қарсаңында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына, қабылдау іс- шарасы өткізілді. Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу. Салтанатты жиынды ұйымдастыруға Тәлімгерлер және өзін-өзі басқару ұйымы мектеп президенті атсалысты. Мектепшілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданған оқушыларымызға төс белгі тағуына мектеп ДТІЖО Садиярова М.А. Ұйымдастырушы педагог Налыбаев Е.А. және мектептегі өзін - өзі басқару ұйымының президенті Тасыбек Н.Қ. қатысты. ДТІЖО Садиярова М.А. оқушыларды құттықтап, жақсы оқуға, тәртіпті болуға, еліміздің жақсы азаматтары болып өсуіне жылы лебізін білдірді. Өткізілген іс- шара нәтижесі жоғарғы деңгейде өткізілді.