Түркістан облысы, Шардара қаласы.
2023 жылдың 20 ақпанында М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері Чеврычкина Т.Н. және 9 "Ә" сынып оқушысы Жаныс Е. 3 сынып оқушыларымен "Тері мен шаш күтімі" және " Дене күтімі ережелері" тақырыбында әңгіме өткізді.
Мақсаты: оқушыларды жеке бас гигиенасы ережелерімен таныстыру; өз денесін күту жолдарымен таныстыру және бас гигиенасы ережелерін күнделікті сақтау әдетін қалыптастыру.
Оқушылар "гигиена" сөзінің қайдан шыққанын, қандай атаудан жасалғанын білді. Жеке гигиена ұғымына анықтама берілді. Олар гигиенаның бірінші ережесін - бұл дененің тазалығын сақтауды үйренді. Оқушыларға шашты, бет терісін, қолды, тырнақты, ауыз қуысын, т.б. дұрыс күтім жасау керектігі айтылды.