М.Горький жалпы орта мектебінде 09-18.01.2023 аралығында «Бақытқа жол» атты психологиялық апталығы басталды. Мектеп педагог-психологтары: Ахметова Х.М. Сагатюк Э.В. Тәңірберген Л.Қ. апталыққа бекітілген арнайы іс-жоспар бойынша жұмыстар жүргізді. 5-сыныптар арасында «Біз тату сыныппыз» атты сынып сағаты, 2-11 сыныптар арасында «Ең жақсы мұғалім» акциясы, 7-сыныптар «Көтеріңкі көңіл-күй» атты флешмоб өткізілді. Бастауыш сыныптар арасында «Әлемге күлкіңді сыйла» атты сурет көрмесі жасалды. Оқушылар барлық жұмыста қызығушылық пен белсенділік танытты.