Кіру
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara-gorky.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
6-17 ақпан аралығында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің "Тіл тағдыры - ел тағдыры" атты онкүндігі болып өтті. Онкүндік тек оқушылардың ғана емес, ұстаздар қауымының да тілге деген құрметі мен әдебиетке, сөз өнеріне махаббатының артуына сеп болды деп айта аламыз.
Онкүндік 6 ақпан кұні мұғалімдер мен оқушылардың өнерлерін ортаға салған Бейсенов Зауытбек пен Оңғар Жанардың ұйымдастыруымен әдеби- сазды бағдарламамен ашылған болатын.
7 ақпан күні Көшікбаева Гауһардың ұйымдастыруымен 4-6 сыныптар арасында "Менің сүйікті кейіпкерім" тақырыбында сурет байқауы өз дәрежесінде өтті.
9 ақпан күні онкүндік қарсаңында "Білім берудің жаңаша әдіс-тәсілдерін жетілдіру арқылы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарының білім сапасын арттыру" атты аудандық семинар болып өткен болатын. Семинарда Кадирова Салтанат "Қазақ тіліндегі жаңаша әдіс-тәсілдер" коучингін, Ахметова Қазына "PISA тапсырмаларын қазақ тілі мен әдебиеті сабағына кіріктіру атты тренинг, Бейсенов Зауытбек "Поэзия! Менімен егіз бе едің?!" атты "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында сыныптан тыс сабақ, Найманова Айгүл "Lesson study - тиімді оқытудың негізі" шебер сыныбын, Дүйсенова Айгүл "Тәуелсіздік символы - ұлттық теңге", Алдамұратова Мария "Дина күй шертеді" ашық сабақтарын қонақтардың назарына ұсынды. Келген қонақтар қатысқвн сабақтардан тәжірибе алмасты деген сенімдеміз.
Онкүндік Ахметова Қазына, Кокушева Халифа бастамасымен өткен "Тіл тағдыры - ел тағдыры" тақырыбына эссе байқауымен жалғасты. Онкүндік аясында Көшікбаева Гауһар, Нуралива Гүлзағира, Кокушева Халифа кереметтей ашық сабақтарын ұсынды.
Кадирова Салтанат "Үздік дәптер" байқауын оқушылардың сауатты жазуы мен қырағылығын анықтау мақсатында ұйымдастырса, Оңғар Жанар "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сыныптан тыс сабағын өткізді.
Дүйсенова Айгүлдің бастамасымен " Қазақ әдебиетінің саңлақтары" атты қабырға газеттері байқауы оқушылардың қызығушылығын одан әрмен арттырды. Найманова Айгүл, Нуралиева Гүлзағира жетекшілігімен 9 сыныптар арасында "Қазіргі жастар қандай?" тақырыбында мектебіміздің қосымша білім беру педагогы Әбдіжаппар Н.Ә. -мен бірге дебат өз дәрежесінде өтті. Дебатта оқушылардың сөз саптауы мен ой-өрістері айқын көрінді.
Бүгін онкүндігіміздің жабылу кеші болып, үздік қатысқан оқушылардың еңбектерін бағалап, қанаттарын қатайту мақсатында жүлделі орындармен (бас жүлде, I II III), алғыс хаттармен марапатталды. Оқушылардың тіл мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыратын шаралар жалғасын таба берсін демекшіміз. Мектебіміздің тіл мамандарына шәкірттерінің жемісін көрсін деп сәттілік тілейміз!