М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің сынып жетекшілері Момбекова Т.С, А.Бижановнаның ұйымдастыруымен 8 сыныптар арасында "Мамандық таңдау" тақырыбы бойынша сынып сағаты өтілді.
Оқушыларға мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпараттар алу арқылы және балалардың ой қабілеттерін кеңейту ,мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыруы. Оқушылардың қабілетін,бейімін психологиялық тесттер мен дидактикалық ойындар пікір-талас арқылы қызығушылықтарын мамандыққа сай тани білді. Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: Біреуі -жар таңдау, екіншісі-мамандық таңдау деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандықты таңдау -жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, болашақта қай бағдарда оқитындары,өз қызығушылықтарымен қабілеттеріне сәйкес келетін мамандықты анықтауға, оқушыларға өз таңдауларын жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.