Түркістан облысы, Шардара қаласы, М. Горький атындағы жалпы білім беру мектебінде тәрбие жоспарына сәйкес, "Ағасы бардың жағасы бар" атты тақырыбында жоғарғы сынып пен орта буын арасында отырыс өткізілді. Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу.