М. Горький жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушылары арасындағы "Алтын белгі", "Үздік аттестат" үміткерлерінің ата-аналарымен әкімшілік кеңес өткіздік. Жиналыста мектеп директоры С. Б. Халмурзаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Н. Г. Карелина және С. С. Кадировалар қатысты. Жиналысты өткізу мақсатымыз "Алтын белгі", "Үздік аттестат" үміткерлерінің ата-аналарына 12.05.2022жылғы 193 бұйрықта жазылған ережелерді түсіндіру, таныстыру. Жиналыста ата-аналарға бұйрықта бекітілген тиісті талап-ережелер таныстырылды. Ата-аналар тиімді ақпарат алып, бұйрықпен танысты. Жиналыстың қаулысында "Алтын белгі" үміткері 11«Ә» сынып оқушысы Жарқынбек Айда, «Үздік аттестат» үміткерлері 11«Ә» сынып оқушылары Сарманова Зарина мен Алиева Айда, 11«Б» сынып оқушысы Аптыхан Мадина болып танылды. Алдағы уақытта түлектерімізге сәттілік тілейміз, мектебіміздің атын асқақтатып, мәртебесін биіктетеріне тілектеспіз және сенеміз.