Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты "М.Горький атындағы жапы білім беру мектебі" КММ-де мектебіміздің ДТІЖО орынбасарлары және ұйымдастырушы педагогы: Налыбаев Е.А., ұйымдастыруымен 18.10.2023ж
5,6,7 сынып оқушылары арасында "Алтын күз - мереке мен береке " атты жәрмеңкесі мектеп фойесінде өткізілді.
Іс - шараға мектеп оқушылары мен сынып жетекшілері белсене қатысып, өз үлестерін қосты.
Жәрмеңкеде күздік дәнді - дақылдар, қолөнер бұйымдары , көрнекіліктер, түрлі тәтті тоқаштар мен бәліштер көз жауын алды.
Оқушыларымыздың өнеріне тәнті болған қонақтарымыз бен мұғалімдеріміздің алғысы шексіз. Шәкірттеріміздің іскерліктері мен көңілді қуаныш сезімдерімен әлем гүлденгендей. Жас ұрпағымыздың болашағы өз қолдарында екендігі анық байқалады. Өткізілген іс-шара нәтижесі жоғары деңгейде өткізілді.