Кіру
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara-gorky.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
«М.Горький атындағы ЖОМ» КММ
Бүгін 9 «ә» сыныбында ата-аналар жиналысы болып өтті.
Тақырыбы: «Ата – анадан өсіп ұрпақ тараған, Жақсы, жаман болса ұрпақ солардан»
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі рухани адамгершілік қасиетін қалыптастыруда ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру; « бала – мектеп – отбасы » үштік одағын нығайту
Өткізілу формасы: конференция
Алдымен ата-аналар «Шаттық шеңберін» құрып ұл-қыздарының есімі неге байланысты қойылғанын бір ауыз сөзбен айтып, сол есімнің бірінші әріпінен басталатын жақсы тілектер айтты. «Конверттегі құпия сөздер», «Орындарыңмен алмас», «Сиқырлы таяқша» әдістері арқылы рухани-адамгершілік, жақсы, жаман қасиеттер туралы пікір алмасты.
Көп балалы ана, үлгілі отбасының отанасы Бохаева Алия «Отбасы – тәрбиенің ұясы» тақырыбында бала тәрбиесіндегі өз тәжірибесімен бөлісіп баяндама жасады.
Жағдаяттық сұрақтарға жауап бере отырып, ата-аналар бала тәрбиесіне, іс-әрекетіне байланысты өзекті мәселелерді сөз етті. Бүгінгі жиналысқа қорытынды жасады. Сынып жетекшісі Найманова А.А.