Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөлімінің 03.10.2023ж.№229-01/02-17/2484 санды хатын негізге ала отырып М. Горький атындағы жалпы білім беретін мектепте 26.10.2023 ж "Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығы" ашылды. Мақсаты: ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын ашу арқылы мектептің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту. Бұл орталықтың міндеті-ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін және тұтастай алғанда отбасының тәрбиелік әлеуетін арттыру. Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың міндеттері:
1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
2) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
3) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
Позитивное родительство - стиль воспитания, который опирается на доброжелательное отношение, поддержку, взаимное сотрудничество ребенка и взрослого. Результат такого подхода - обеспечение благополучия детей как главного достояния нашего общества, что отражено в цели и задачах Центра. Цель педагогической поддержки: обеспечение условий для эффективного взаимодействия между государственными организациями среднего образования и родителями в обеспечении благополучия детей.
Деятельность Центра направлена на формирование компетенций родителей и других законных представителей детей в вопросах воспитания и развития детей.