Түркістан облысы Шардара ауданының білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебінде іс-шара жоспарына сәйкес "Бақытты отбасы" тақырыбында фото сурет байқауы өтті. Баланың жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы балалардың көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Қазіргі уақытта адамдардың есте қаларлық сәттерді "мәңгі есте сақтауға" көптеген мүмкіндіктері бар. Олар суреттерге түсіп, не болмаса суретшіге портреттерін салғызып, мозайка жасатып, тағы да басқа мүмкіндіктерді пайдаланып жатады.Бірақ ата-анасының, ата-әжелерінің суреттерін өз қолдарымен салған бүлдіршіндердің суреттеріне ешқандай технология тең келмейді. Балалардың фантазиясында шек жоқ. Ата –аналары мен отбасы мүшелері олар үшін - асқар тау, мейірімді ана, дара тұлға.