Түркістан облысы, Шардара қаласы, 09.02.2023 ж М.Горький атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі мүшелерінің ұйымдастырумен «Білім берудің жаңаша әдіс - тәсілдерін жетілдіру арқылы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарының білім сапасын арттыру» тақырыбында аймақтық семинар өтті.
Семинар мақсаты - қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа тәсілдердің тиімді жақтарын көрсету;
оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен танымдық белсенділігін арттыру жолдарын көрсету еді.
Пән мұғалімдері Кадирова С.С. «Қазақ тілі сабағындағы жаңаша әдіс – тәсілдер» тақырыбында коучинг, Ахметова Қ.М. «PISA тапсырмаларын қазақ тілі мен әдебиеті сабағына кіріктіру» тақырыбында тренинг, Найманова А.А. «Lesson study – тиімді оқытудың негізі» тақырыбында шебер сынып өткізді.
Дуйсенова А.А. «Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге» тақырыбында, Алдамуратова М.Б «Дина күй шертеді» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Бейсенов З.Е. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында М.Мақатаев шығармашылығына арналған «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді.
Семинарға қатысқан мұғалімдер өтілген сабақтарға өз бағасын беріп, алғыстарын білдірді.