Кіру
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara-gorky.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Түркістан облысы Шардара қаласы.
2023 жылдың 16 ақпанында М.Горький атындағы жалпы орта мектебінде акт залында сағат 12:00-де 8,9,10,11 сынып қыздарымен әңгіме өткізілді.
Бірінші сұрақ бойынша мектеп инспекторы Ш.Ибадуллаев сөз алып, қыздарға құқық бұзушылық туралы «Жауапкершілік дегеніміз не?», «Әлеуметтік желідегі қарым - қатынас» тақырыбында дәріс оқыды.
Әңгіменің мақсаты: құқықтық білімді насихаттау. Өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Екінші сұрақ бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Садиярова сөз сөйледі. «Ерте жүктіліктің алдын алу және оның зардаптары» және «Жасөспірімдер арасындағы бөртпе әрекеттерінің алдын алу» дәрісімен әңгіме өткізді.
Дәріс мақсаты: жасөспірімдерде ерте жүктіліктің алдын алу. Абайсыз әрекеттердің алдын алу. Жасөспірімдерде ерте жыныстық қатынасқа жол бермеу.
Садиярова М.А. зардаптары, жасөспірімдерде ерте жүктіліктің зиянды әсері, қыздардың денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығы, бөртпе әрекеттердің қыздардың болашағына кері әсері және ерте жыныстық белсенділіктің салдары туралы айтты.