Кіру
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara-gorky.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М. Горький атындағы жалпы орта мектебінің «Рауан» өзін-өзі басқару ұйымы Спорт және салауатты өмір салтын ұстану фракция мүшесі 11«Б» сынып оқушысы Амангелді Алихан 1 сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану — үздік білім алудың жолы!» атты тақырыпта түсіндірме жүргізді. Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану жайында түсіндірді. Мақсаты: Салауаттты өмір салтын сақтаудағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығын және қажеттілігін білу. Дәрумендердің адам денсаулығы үшін қандай пайдасы бар екенін үйрету. Тазалыққа, дұрыс тамақтануға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Оқушыларға дәрумендердің ағзадағы пайдасы және дәрумендер жетіспеуінен болатын аурулар, көкөністердің пайдасы туралы білімдерін жетілдіру мақсатында өткізілді.