Түркістан облысы. Шардара қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М.Горький атындағы жалпы орта мектебінде мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Рауан» өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары, Спорт және салауатты өмір салты фракциясымен «Денсаулық» фестивалі өткізілді. «Денсаулық» фестивалі оқушылар үшін өте тиімді мерекелік іс-шара болып табылатындықтан, біздің мектеп оқушылары бұл күнді жыл сайын тағатсыздана күтеді. Іс-шараның мақсаты: оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру , оқушыларды спортқа тарту, оларға денсаулықтың қадірін түсіндіру. Бұл дәстүрлі мерекелік іс-шараға 8 сынып оқушылары қатыстырылды. Мектебіміздің спорттық залында, жаттығулар жасап және бірнеше ойындарды ұйымдастырып өткізді. Баскетбол, футбол ойындарын ойнап, қызықты спорт күні болды. Мереке соңында оқушылар, денсаулық сақтауды үгіттеп, насихаттады.