Кіру
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara-gorky.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Түркістан облысы,Шардара аудандық білім бөліміне қарасты,М.Горький атындағы жалпы білім беру мектебінде 09.01.2024ж «Діни ағымдардың алдын алу», - тақырыбында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Оспанов, әдіскер, теолог маманы А.Данияров, Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Мүталиев қатысты. Жастар ресурстық орталығының әдіскері Сариев Ерболат Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Қазіргі таңда елімізде дін атын жамылған радикалды және теріс пиғылды ағымдардың белсенді әрекеті салдарынан қоғамдағы ішкі тұрақтылыққа қауіп төнуде. Үздіксіз және астыртын, ең бастысы ел санасын оңай жаулайтын әдіспен - дін атын жамылып жүргізілген мұндай әрекеттер халықты иманынан жаңылдыратын аса қауіпті әрекеттер болып саналады. Дәстүрлі ислам дінінің негізгі міндеттеріне тоқталып, түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қазіргі таңда жастарымыз діни сауатының таяздығынан кереғар діни ағымдар мен секталардың алдау арбауына түсіп, олардың торынан шыға алмай жүргендер жайында мысал келтіре отырып, дін және діни ағымдар жөнінде кең көлемде айтып берді. Керағар діни ағымдардың қауіптілігі, әлеуметтік желілердің жастарға тигізіп отырған зияндылығы жөнінде түсіндіріп, ҚМДБ - ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті. Сонымен қатар, қоғамымызда орын алып жатқан әр алуан мәселелер, халқымыздың салт - дәстүрлері, әдет - ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.