Жиналыс өткізілу мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу. Жиналысқа қатысқандар: ДТІЖО - лары Садиярова М.А., Алимбекова Б.Б., Бердалиева Ж.А., Ұйымдастырушы педагог: Налыбаев Е.А. және Полиция капитаны Жанықұлов Көбейсін мырзамен біргелесіп өткізілген жиналыста балалардың түнгі мезгілде көшеді жүрмеуі, кәмелеттік жасқа толмағандардың көлік құралын жүргізбеуі, бұзақылық жасамау, зиянды заттардан өзін аулақ ұстауы, құқық бұзушылықты алдын алу жөніндегі барлық ескертулер мен хабарламалар ескертілді.