Кіру
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara-gorky.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы,Шардара қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М. Горький атындағы жалпы орта мектебінде 15.02.2023 жылы Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлерімен «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» атты және Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиын өткізілді. Мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Кешіміздің қонақтары Шардара аудандық ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Жумалиев Мырзахан және Әшім Мұхтар ағайларымыз қатысып, оқушыларымызға төсбелгі мен галстук тағып Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болыңыздар деп жылы лебіздерін білдірді.