Түркістан облысының білім басқармасының «Шардара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес, «Функционалды сауаттылық тапсырмалардың сабақтағы көрінісі» тақырыбында химия және биология пәндеріне арналған 2023-2024 оқу жылына арналған жоспары негізінде 09.11-10.11.23 аралығында М.Горький атындағы жалпы білім беру мекемесінде ашық есік күні жүргізілді. «С.Ерубаев» атындағы жалпы білім беру мекемесінен биология пән мұғалімі Қойлыбекова Жанар және химия пәні мұғалімі Сайып Ләйлә әріптестеріміз келді. Ашық есік күнінде өткен мұғалімдер:
1. Утемуратова Г.Қ. 9 «В» сыныбына тақырыбы: Металдар құймалары. Металдар алу.
Мақсаты: Құйма ұғымын және оның артықшылықтарын білу. Шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру. Қазақстандағы металдардың кен орындарын атау және оларды өндіру үрдістерін, қоршаған ортаға әсерін түсіндіру.
2. Утемуратова Г.Қ. 8 «Ә, Г» сыныбы тақырыбы: Ағзаның ішкі ортасы. (қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы) және оның ағза тұрақтылығын ұстаудағы маңызы. Лимфа жүйесі. Мақсаты: лимфа жүйесін және қан, ұлпа сұйықтығы мен лимфа арасындағы өзара байланысын сипаттау.
3. Исломова Х.К. 11 «Ә» сыныбы тақырыбы: Алкадиендер. Мақсаты: Алкадиендердің қасиеттерін олардың құрылысы негізінде түсіндіру; Алкиндердің табиғатта таралуын, каучук пен резинаның алынуын зерделеу.
4. Бугаева Л.В. 9 «А,Б» сыныбы тақырыбы: Анаэробное и аэробное дыхание. Рассматривать процессы анаэробного и аэробного дыхания с использованием уравнений химических реакции. Эффективность анаэробного и аэробного дыхания Мақсаты: сравнивать процессы анаэробного и аэробного дыхания, используя уравнение химической реакции процесса дыхания. Сабағымыздың жалпы мақсаты: Сабағымызда қолданылған әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.Жылдам әрі функциионалды түрде сыни ойлануды дамыту. Оқушылардың танымдық дағдысын арту. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді.