Кіру
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara-gorky.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің «Рауан» өзін-өзі басқару ұйымы, оқушылары 10 қазан күні «Қарттарым аман жүрсінші» атты тақырыпта, қарттарды құрметтейміз деп, оқушылар қарттарымызға көмек қолын созды. Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан қарттарға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. Қарттар үшін көрсетіліп отырған игілікті әлі де жалғаса берері сөзсіз. Мектебіміздің оқушылары қарттарымызға барып, қарттар күнімен құттықтап, аула жұмыстарына көмек көрсетіп қайтты. Бұл іс-шараның мақсаты: «Мемлекеттің болашағы – жастар, ел ертеңіне келешек кепіл» деген бағытта жүргізіліп келеді. Сонымен қатар еліміздің жас азаматын отансүйгіштікке тәрбиелеу мен белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруда да ардагер ата- апаларымыздың өмірі мен еңбек жолдары үлгі. « Қарттарым аман жүрсінші » атқарылған іс-шараны қорытындылай келе өзін- өзі басқару ұйымының оқушылары, қарттарымызға көмек көрсетіп, қарттарымыздан алғыс алып жақсы көңіл- күйде қайтты.