Кіру
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara-gorky.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
М.Горький атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тақырыбындағы онкүндігі жоспарына сәйкес 9 сыныптар арасында «Қазіргі жастар қандай?» тақырыбында дебат өткізілді. Дебатты ұйымдастыруға және өткізуге қосымша білім беру педагогі Әбдіжаппар Нұртас атсалысты.
Мақсаты: Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
Бұл пікірталаста «Мейірім», «Жұлдыз», «Жастар», «Жүйрік» тобындағы оқушылар «Үй тапсырмасына тыйым салу керек», «Мектеп компьютерлерінде You Tube, Facebook, Instagram сияқты сайттарды бұғаттау керек», «Мектеп формасы қажет болуы керек», «Кәмелетке толмағандарға ересек адамдар сияқты қарау керек» тақырыптарында өз ойларын білдіріп, сөйлеу мәдениетін, білім шеберлігін шыңдады. Оқушылар өз позициясын дәлелдеуге, ойын дөп жеткізуге, мысалдар келтіруге, көркем сөйлеуге барынша тырысты. Пікірталас қызықты әрі тартысты өтті.
Соңында қазылар алқасы Кадирова Салтанат Сатышқызы мен Найманова Айгүл Әлібекқызы қорытынды жасап, жеңімпаз топты анықтады.
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі Найманова А.А.