Түркістан облысы, Шардара қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М. Горький атындағы жалпы орта мектебінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Рауан» өзін-өзі басқару ұйымының Құқық және тәртіп фракция басшысы Жасұзақ Даниял және мектеп инспекторы Ибадуллаев Ш.А. мен бірлесіп 8-11 сынып аралығындағы, оқушылар арасындағы, бопсалаушылықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары өткізілді. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету. Қазіргі кезеңге жас жеткіншектерді жаңа заман талабына сай озық ұлттың рухы негізінде тәрбиелеу.