Түркістан облысы, Шардара қаласы 2023 жылдың 13 наурыз күні сағ 10:00 де Аудандық оқушылар үйінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Көктем аруы 2023» байқауы өткізілді. Байқауға М. Горький атындағы жалпы орта мектебінен 10 «Ә» сынып білімалушысы Сарманова Зарина қатысты. Байқау шарты бес кезеңнен болды. Сайыста қыздар өздерін таныстырып, шығармашылық шеберліктерін көрсетті. Жарыста ой ұшқырлығы сыналып, білім деңгейлері тексерілді. Сондай - ақ қазақ халқының тарихы, салт—дәстүрі бағытындағы тың деректермен танысып, білімдері мен біліктіліктерін арттырды. Қатысушы қыздар өз өнерлерін ортаға салып, жоғарғы деңгейде дайындалған екендіктерін көрсетті.