Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайық» тақырыбы бойынша оқушылырыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Оқушыларға қыс мезгіліндегі сақтық шаралары және ауа райының өзгеруіне байланысты жолдан өту қауіпсіздігі, мектеп ішіндегі қауіпсіз жүріп тұру ережелері таныстырылды. Сонымен қатар оқушылардың өмір қауіпсіздігі үшін, жаңа жылдық мерекелерге арналған қауіпсіздік ережелерін (шыршаны, жарық шамдарын, бенгал шамдарын пайдалану) түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Арнайы слайдтар арқылы пиротехника құралдарының зардабы жайында оқушылармен әңгімелесу өткізілді.