Кіру
AA+

22.12.2023 ж М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектептің 8 - 11 сынып оқушыларымен  Шардара аудандық ІІБ - нің қызметкерлерімен және мектебіміздің инспекторы капитан К. Жаныкулов пен кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты: құқық бұзушылықтың алдын алу, жаңа жылдық мерекеге орай қауіпсіздік шаралары, авто көлік жүргізбеу.  Мектебіміздің инспекторы К. Жаныкулов - өз сөзінде жасөспірімдерді қылмысқа немесе құқық бұзушылық жасауға әсер ететін факторлар себепсіз сабаққа келмеу, түнгі уақытта ата-анасының қараусыз жүргендер екндігі жайлы айтты. Заң бойынша кәмелетке толмағандар балалар  компьютерлік ойынханалар мен тойханаларда  түнгі сағат 22:00 - 23:00ден кейін көшеде ата-анасыз жүретін балдарға  айып салынатынын айтты. Олар тек қана ата-анасымен немесе қамқоршысымен бірге жүре алады.Алғаш рет ұсталған баланың ата-анасына ҚР ҚК-ның 442-бабының 2-ші бөлігімен әкімшілік хаттама толытырылып сотқа жолдаймыз. Ол кезде соттың қаулысымен  15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге мәжбүр боласыздар. Бұл дегеніміз 31 815 теңге, болатынын  айтып өтті.