Кіру
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara-gorky.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы,Шардара қаласы, М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Әкелер кеңесі" мүшесі Налыбаев Ерланның ұйымдастыруымен жоғары сынып ұл балаларына жиналыс өткізілді. Тақырыбы: Ұл тәрбиесі. Мақсаты: Ержігіттің қалай болу керектігі, ел - жұрт, үлкен кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, әйелдер мен балаларға қалай қамқорлық жасау, отбасы мен ел-жұртына қалай үлгі-өнеге болу, қиын сәттер мен ел басына күн туған сын сағаттарда қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту секілді істерге бағыт-бағдар беру. Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптастыру болып табылады.Құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары туралы оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде оқушылар сабақтан кешікпеу керектігін, сабақ уақытысында аулада жүрмеуі ескертілді.