27.11.2023 жылы Шардара ауданының білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Ұлттық мектеп лигасы" жобасында "Тоғызқұмалақ" ойынын насихаттау барысында сынып сағаты өтті.Тақырып аясында мектебіміздің 4 "Д" сынып білім алушылары Тоғызқұмалақ ойынының әдіс тәсілдерімен танысты.Мақсаты: Тоғызқұмалақ ойынын ойнауды, қазақтың ұлттық ойындарын құрметтеуді үйрету. Оқушыларды ойын күштеріне жауапкершілікпен қарауға, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту және қалыптастыру. Жас ұрпақты ұлттық қадір қасиетімізді қастерлей білуге тәрбиелеу. Оқушыларға Тоғызқұмалақ ойнының ережелері тақтаға ілініп құрылымымен таныстырылды. Ойын барысында оқушылар қазандықтың не екенін, бастаушы кім болатынын, қостаушы кім болатынын түсініп қарсыластарымен қызықтап ойнады.