Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі-қолбасшылық, екіншісі-шешендік» - деп ұлы шешен-ділмар
М.Т. Цицерон айтып кеткендей, жеке пікірдің қалыптасып, жеткізе білудің өзі – үлкен өнер. Қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, көркемсөзді келістіре айту – кез келген жанның бойынан табыла бермейтін қасиет екені анық.
"Ұлттық пікірсайыс" республикалық турнирінің 28 қаңтар күні өткен облыстық кезеңіне мектебіміздің орыс тілінде қатысқан 11 сынып оқушысы Ким Ольга мен 10 сынып оқушысы Садиярова Юля I орын иеленіп республикалық турнирге жолдама алды. Ағылшын тілінде 11 сынып оқушысы Аманбай Мақпал мен 10 сынып оқушысы Сарманова Зарина III орын иеленіп қайтты.