Кіру
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara-gorky.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара қаласы М. Горький атындағы жалпы орта мектебінде «Рауан» өзін-өзі басқару ұйымының, Ұшқыр ой алаңы фракция мүшелерімен «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тақырыпта дөңгелек үстелі өткізілді. Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымызлың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Қазіргі таңда тәуелсіздік- баршамыз үшін ең асыл қасиетті күн. Осы кезеңде жеткен жетістіктеріміз қандай? Бұл сұраққа 11«Б» сынып оқушысы Ұшқыр ой алаңы фракциясының басшысы Үсенбай Алтыншаш Мемлекетіміздің аз ғана уақыттың ішінде көптеген эканомикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ жерінің байлығы, мол табиғи қорлары еліміздің әлеуметтік дамуының негізі болуда. Осының бәрі тұғырлы тәуелсіздік тұсында қол жеткізген жеңістер мен табыстар деп жауап берді. Дөңгелек үстелге 9-11 сынып оқушылары қатыстырылды. Оқушылар өте белсенді қатысып, бір-бірлерімен пікір алмасулар болды. Бүгінгі өткен дөңгелек үстелін қорытындылай келе оқушыларымыз Еліміздің келешегі, Қазақстанның болашағы өз қолымызда деді. Жаңғыру кезеңде қазақ елі мәңгі жарқырай берсін.