Кіру
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara-gorky.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
М.Горький атындағы жалпы орта мектебінде дәстүрлі тілдер мерекесіне орай «Мәңгілік Ел - мәртебелі тіл» іс-шара жоспары түзілді. Жоспарға сәйкес 10 «Ә» сыныбында «Тіл - ұлттың рухани негізі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Ана тілін мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін арттыру, оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейлерін көтеру; жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру; олардың халқына, еліне деген махаббатын арттыру; жаһандану кезеңінде қазақтың ұлттық өркениет шеңберінде алатын орнын салмақтау.
Сынып оқушысы Тасыбек Назира ұлт жанашырлары, «Алаш» партиясы мүшелері А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. қайраткерлердің қазақ тілі туралы айтып кеткен ұлағатты сөздерінің әлі күнге дейін өзекті екені туралы шағын баяндама жасады. Оразалы Аида қазақ тіліне байланысты қызықты деректермен таныстырыды. Жекенбай Гүлмира «Мың бір мақал» сайысын өткізсе, Үсенбай Ұлықбек талқылау сұрақтарын әзірлеп топтық жұмыс ұйымдастырды.
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі Найманова А.А.