Түркістан облысы, Шардара ауданының білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебінде 21 қазан Республикалық мектеп парламент Президентінің мектепшілік сайлауы өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында Мектебіміздегі «Рауан» өзін-өзі басқару ұйымының 8-11 сынып білім алушылары арасында мектеп парламенті президентінің сайлауы өткізілді. Сайлау - бұл балалардың әлеуметтенуіне ықпал ететін ұжымдық іс-әрекеттің бір түрі, онда әр қатысушы тәуелсіз шешім қабылдауға және белгілі бір кандидатқа дауыс беруге құқылы.
Мұндай іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырады, оқушылардың азаматтық ұстанымын дамытады, олар да патриотизм сезімін тәрбиелейді және өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастырады.
Биылғы мектеп Президенттігіне үміткер болып үш білім алушы тіркеліп, өздерінің жұмыс жоспары мен алға қойған мақсаттарын жариялап, үлкен белсенділік танытты. Президенттікке үміткер оқушыларды сайлауға мектеп директоры Халмурзаева С.Б. және мектеп білім алушылары мен мұғалімдер қатысып, белсенді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатыса алатын жауапты, тәртіпті кандидаттарына дауыс берді. Нәтижесінде мектебіміздің 10 «Ә» сынып білім алушысы Тасыбек Назира Қуанышқызы басым дауысқа ие болып, мектеп Президенттілігіне сайланды. Құтты болсын дейміз! Біздің мектеп Президентімізге мектеп өмірін оның әртүрлі бағыттарында танымдық және қызықты етіп жасауға, мектеп оқушыларының мүмкіндігінше көп санын бірлескен мектеп істеріне тартуға тілектеспіз.
Назираны жеңісімен құттықтаймыз!