Түркістан облысы, Шардара қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М. Горький атындағы жалпы орта мектебінің «Рауан» өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі Мәдениет және өнер фракциясы бойынша басшысы Алиева Аида «Менің сүйікті ісім» тақырыбында білім алушылармен және ұстаздармен сұхбат жүргізді. Әр адам өзінің жаратылысына байланысты әр түрлі нәрселерге қызығушылық танытады. Кейбір адам ән айтуды, сурет салуды ұнатады. Жетістікке жеткен көптеген адамдардың айтатын ең бірінші ақылы ол кітап- оқу. Кітап беттері адамға өзі бұрын соңды болмаған әлемдерге саяхаттауға мүмкіндік береді. Бұндай қызығушылықтар әр адамға өте қажет ақ. Бұл қызығушылықтар бір адамның кәсібі болса, енді біреулерінің өміріне бақыт сыйлауы мүмкін.