Кіру
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara-gorky.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
19.01.2023 жылы М.Горький жалпы орта мектебінде АӘДБ-нің №06/10-4/971 хатына сәйкес психологиялық апталықтың жабылу салтанаты өтті. Онкүндік барысында «Ең үздік мұғалім» акциясы жүргізілді. Акция қорытындысы бойынша оқушылардың дауыс беру парағын талдай келе, мына ұстаздар: бастауыш сынып мұғалімі Байжанова А.Ш. орыс тілі мұғалімі Кенжеева Г.Ж. математика пән мұғалімі Сарбасова Г.У. марапатталды. Мектеп директоры Халмурзаева С.Б. ұстаздар мен оқушыларға оқуда және еңбекте әрқашан алда болуға тілек білдірді.
8-9 сыныптар арасында «Мен – жеке тұлғамын» фотосуреттер конкурсы жарияланып, онкүндік барысында фотосуреттер жинақталып, қорытындысы шығарылды. Олар: 8 «А» сынып оқушысы Курманбекова Б. 8 «Б» сынып оқушысы Кайратқызы А. 8 «В» сынып оқушысы Сәрсенбаева Н. апталыққа белсенді қатысқаны үшін марапатталды.
Онкүндік барысында барлық оқушылар арасында «Кім білгіш?» акциясы ұйымдастырылып, ең белсенді қатысқан 8 «В» сынып оқушылары марапатталды.