«М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының 2023-2024 оқу жылы бойынша атқарылатын іс-шара жоспарына сәйкес 1-4 сынып ата-аналарына қолдау бағдарламасы бойынша 2 қараша күні 1 "Ә" Байжанова А.Ш, 1 "В" Шанракшиева Г.А,1 "Г" Култанбаева Р.Д. сынып жетекшілері және мектептің педагогикалық қолдау орталығының мүшелерінің қатысуымен "Отбасы - бақыт бесігі" тақырыбында ата - аналарға арналған жиналыс өткізді. Ата аналар жиналысының мақсаты: ата аналардың баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл - ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру. Бастауыш сынып оқушыларының жас және әлеуметтік ерекшеліктері туралы мектеп психологы Ахметова Х.М. түсініктерді тереңдетіп, тренинг өткізді. ДОІЖО Пайзуллаева Г.А. сөз алып баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның саламаттығы қаматамасыз етуге дайындығын қалыптастыруды түсіндірді.