Түркістан облысы Шардара ауданының білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебінің 4 "Д" сынып білім алушыларымен "Отбасылық құндылықтар" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: "Отбасы құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды қалыптастыру. Отбасы тәрбиесінің мән маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салт-дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу және отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу мақсатында өткізілді. Тақырып өте қызықты болды. Оқушылар белсенді қатысып, отбасындағы сақталған салт-дәстүрлермен бөлісті. Оқушылар тақтаға тілек ағашын салып тілек ағашына отбасы туралы мақал-мәтелдер жазып, отбасыларына жақсы тілектер айтып, мән-мағынасын түсіндіріп тілек ағашына ілді. Барлық өнеге отбасынан басталады. Отанын сүйетін, үлкен-кішіге мейірімді, ізетті, текті, дені сау азамат пен азаматша болып өсулеріне тілектеспін!