Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты ,М.Горький атындағы жалпы білім беру мектебінде 10 - 11 сынып ұл бала, қыз балаларымен жиналыс өткізілді. Мақсаты: Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсініктеме беру. Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата - бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру. Отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру. Ұл бала қыз балалардың сабаққа қатысып, мектеп ережелерін сақтап мектеп формасы, сабаққа кешікпеуі жайында айтылды.