Кіру
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara-gorky.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Салауатты өмір салтын насихаттау
М.Горький атындаға жалпы білім беретін мектебінде әлеуметтік педагогтардың жылдық жоспарына сәйкес 08.01.-11.01.2024 аралығында 9-11 сынып оқушыларының арасында есірткіге,темекіге,нашақорлыққа қарсы іс- шаралар ұйымдастырылды. Мектебіміздің әлеуметтік педагогтары Р.Т.Бегалиева мен А.Б.Тагайханова және мектеп медбикесі Айменова Күнімай оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,осы тақырып аясында 08.01.-10.01.2024 ж.аралығында дәрістер оқыды. 11-сынып оқушылары үшін «XXI ғасыр індеті»,10-сынып оқушылары үшін «Синтетикалық есірткілердің зияны»,ал 9-сыныптар үшін «Біз есірткіге қарсымыз!», «Мы против наркотиков!» деген тақырыптарда дәріс оқылды. 9-11 сынып оқушыларынан нашақорлықтың,синтетикалық есірткінің алдын алу мақсатында 10 сұрақтан тұратын сауалнама алынды.Сауалнамаға 215 оқушы қатысты. 9-11 сынып оқушылары үшін 08.01.-11.01.2024 ж. аралығында темекінің,спирттік ішімдіктердің ,синтетикалық есірткілердің,нашақорлықтың зияндылығын көрсетіп,салауатты өмір салтын насихаттайтын демонстрациялық клиптер мен бейнефильмдер көрсетілді. Мұндай іс- шараларды өткізудегі мақсатымыз жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау,бойларын жаман әдеттерден аулақ ұстауға баулу.