"Жасөспірімдер мен жастар арасында теріс ағымдардың ықпалының алдын алу", тақырыбында "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің теолог маманы Аманов.Д, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы Данияров.А, Шардара ауданы Жауышқұм ауыл округі "Қонар ата" мешітінің имамы Сариев.Е, қатысты. «деструктивті діни ағым», «діни экстремизм», «діни терроризм» ұғымдарының бір-бірінен қандай ерекшелігі бар екенін айтып түсіндірді. Діни экстремизм деп діни дұшпандылық пен жек көрушілікті қоздыру мақсатымен мемлекеттің аумақтық біртұтастығы мен тәуелсіздігін бұзу және мемлекеттік құрылысты күшпен басып алуға үгіттейтін дінге негізделген немесе діни элементтерді қамтыған қауіпті іс-әрекетті айтамыз. Кез келген діни ағымның деструктивтілігі оның мақсаттарынан және іс-әрекетінің нәтижесінен аңғарылады. Теріс пиғылды ағымның арбауына түскен адамның жеке өмірінің деңгейі, сондай-ақ оның әлеуметтік, физикалық, экономикалық, рухани және моральдық жағдайы бұзылады. Соның салдарынан отбасы мен қоғам зардап шегіп, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келеді. Жаһандық деңгейде әрекет ететін деструктивті ағымдардың ықпалымен күресте қоғамда ұлттық және діни-рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау арқылы ғана біз бүгінгі қоғамды және келешек ұрпақты жат идеологиялардың кері әсерінен қорғауды қамтамасыз ете аламыз. Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мәселесі ең алдымен әр отбасының шеңберінде қарастырылуы керек. Бұл бағытта ата-ана, мектеп бірлесіп жұмыс атқарсақ маңызды жетістіктерге жетуге мүмкіндігіміз зор екендігін айтты.