05-12 қыркүйек аралығында «Мәңгілік ел - мәртебелі тіл» атты тақырыпта онкүндіктің іс - шара жоспары құрылып бекітіліп, жоспар бойынша жоғарғы деңгейде өтті. Сондай-ақ , іс - шараны қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі бірлестіктерінің ұйымдастыруымен "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, оқушыларымыз ақын - жазушыларымыздың өлең жырларын мәнерлеп оқып, би билеп, ән - шашуларын тарту етті. Сонымен қатар он күндікте пән мұғалімдері оқушылар және мұғалімдер арасында әр түрлі сайыстар ұйымдастырды. Ic - шараның жоғарғы деңгейде өтілуіне атсалысқан бірлестік жетекшілері, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне алғыс айтамыз. Қазақстан халқының тілдер күні мерекесі құтты болсын!