Кіру
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara-gorky.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М. Горький атындағы жалпы орта мектебінде 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Татулықтың тұтқасы—бірліктің бесігі» тақырыбында мектеп білімалушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. 1 наурыз Алғыс айту күні - Қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Дөңгелек үстел барысында білімалушыларға тақырып аясында тапсырмалар беріліп, топтық жұмыс негізінде талқыланып, пікірлер алмасты және болашаққа пайдалы ақпараттармен бөлісті. Дөңгелек үстел соңында білімалушылар шара барысында алған әсерлерімен бөлісті. Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғарғы баға беру. Құрметті мектеп білімалушылары жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар.«Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар.