Түркістан облысы, Шардара қаласы білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Рауан» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері "Жақсылықты өзіңнен баста" жобасы аясында Қамқорлық фракциясының оқушылары «Жан жылуын сыйла» акциясымен қарттарымыздың үйіне барып мерекелерімен құттықтады. Қазақстанда жыл сайын қарттар күні атап өтіледі. Қарттар күнін атап өтудің мақсаты: қарттардың түрлі мәселелеріне, қоғамның назарын аудару, қоғамның демографиялық қартаю мәселелері, қарт адамдардың жеке және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың қоғамның дамуына қосқан үлесі, қарт адамдарға деген қарым - қатынас өзгерту мәселелерінен халықтың хабарлығын арттыру. «Мемлекеттің болашағы - жастар, ел ертеңіне келешек кепіл» деген бағытта жүргізіліп келеді. Мектебіміздің қамқорлық фракциясының 9 «А» сынып оқушылары қарттарымыздың үйіне барып құттықтап, үй шаруаларына көмек көрсетті. Ардагерлерді ардақтау – ұрпақ парызы. Бұл бәріміздің ортақ, абыройлы борышымыз екендігін әрдайым естен шығармауымыз керек. Ардагерлерімізді ардақтайық.