Қазақстан Республикасы, Білім және ғылым министрлігі, білім беру, соның ішінде қосымша білім беру бағдарламасына сәйкес, Түркістан облысы, Шардара қаласы, М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап «Жас қаржыгер» үйірмесі өткізіліп келеді. Үйірменің мақсаты және міндеттері оқушылардың экономика ғылымына деген қызығушылығын арттыру,қаржылық сауатын ашу. Оқыту бағдарламасы математика, дүниетану пәндерімен байланыстыра отырып жасалынған. 4 «ә», 4 «в», 4 «г» сынып оқушыларынан барлығы 40 оқушы үйірмеге сабақтан тыс уақытта қатысып жүр. Сабақтар толық өткізіліп, білім класс платформасында күнделікті жазылып, белгіленуде.