Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебінің "Рауан" өзін-өзі басқару ұйымының білім алушылары "Өзіңді тану-өмірді тану" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: Өзін-өзі тану адамның өзін-өзі бағалауына , өзін-өзі тәрбиелеуіне және өмірден өз орнын табуына көмектесеуі. Адам өзін, өзгені танып, ұғынуын, өзінің жаратылысын түсінуін, өзін – өзі жетілдіруден өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту. Әр адам өз өмірін ақ ниетпен адал істерге бағыттап, рухани – адамгершілік құндылықтарды өзіне мұрат еткенде ғана оның өмірі үлкен мәнге ие болатынын ұғындыру. Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету, ұл, қыздарымыздың бойында адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу.